Тегін қызмет

Скрининг (screening — сараптау, іріктеу) — бұл ерте сатыда ауруларды және қауіпті факторларды анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдардың алдын ала медициналық қаралудан өтуі.

Алдын ала медициналық қаралу — уақытылы емделу мен алдын алу, ауруларды ерте анықтау және ескерту мақсатында адамның денсаулық жағдайын бақылап отыру үшін жүйелі түрде дәрігерге қаралу әдісі.

Халықтың белгілі тобын скринингті қаралудан өткізудің мақсаты ауруды және оның пайда болуына септігін тигізетін қауіпті факторларды ерте сатыда анықтау болып табылады.

Сіздің жасыңыз скринингті тексерілуге тиісті болса, Сізді міндетті түрде тұрғылықты жеріңіздегі емхананыздан медициналық тексеруден  өтуге шақырамыз!  




 


                                                  


           Тегін дәрі-дәрмек кімдерге тиесілі.


     Тегін Дәрі-дәрмектер диспансерлік есепте тұрған халыққа беріледі.Амбулаторлық деңгейде тегін рецепт алу үшін пациент алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына  бекітіліп, диспансерлік есепте тұруы тиіс. Ал, ол туралы мәліметтер тұрғындардың бекітілген Тіркеліміне енгізілуі қажет.
Тұрғындардың стационарлық және стационарды алмастыратын (емханалардың күндізгі стационарлары) деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі медицина ұйымдарының дәрі-дәрмек формулярларына сәйкес жүзеге асырылады.
Амбулаторлық кезеңде дәрі-дәрмектің тегін берілуі тіркелген амбулаториялық-емханалық ұйым дәрігерінің рецептісі бойынша, амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында тұрғындарды тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық тағайындама бұйымдарының тізімі негізінде жүзеге асырылады.
    

     Тегін қосымша терапиямен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары тек 5 ауру бойынша қамтамасыз етіледі:

— Жүректің ишемиялық ауруы

— артериалды гипертензия

— созылмалы жүрек кемістігі

— остеоартроз

— асқазан және ұлтабар ойықжарасы.
 

   Электронды рецепт айына 1 рет айлық қажеттілік мөлшерінде жазылады. Рецептіні учаскелік дәрігерлер және медициналық ұйымның мамандары жазып береді.
Дәрі-дәрмектер мен аурулар тізімі сондай-ақ ҚР ДМ № 786 бұйрығымен бекітілген.
Берілетін дәрілік заттардың жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте, Тізбенің шеңберінде жазылып берілген бес препараттан аспауы тиіс. Тағайындалатын дәрілік заттар бекітілген Тізбеге сәйкес рецепт бойынша, бір пациентке айына 1 реттен артық жазылып берілмейді. Ұзақ емдеу курсында пациентке дәрілік заттардың 1 айға жететін көлемі жазылып беріледі.

Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік сатып алу