Аурухана тарихы

 Көнекөз қариялардың айтуы бойынша Қызылорда станциясындағы тіміржол ауруханасының құрлысы 1902-1904 жылдары жүргізілген. 
         1905 жылдан бастап аурухана жұмыс жасай бастаған. Оның құрамында 16 төсек орын ғана болса, атап айтқанда – 10 терапевтік, 4- гинекологиялық төсектер және ауруды оқшаулайтын 2 төсек болды. Сол кезде бір дәрігер В.А. Клементьев басқарған құрамында   4-фельдшер – В.С. Зайцев, М.Д. Жучков, И.Л. Казак, И.А. Попугаев және 1-акушерка – Е.М. Клементьева жұмыс жасаған.
         Аурухананың қызмет аймағы Төретам мен Шиелі стацияларының аралығын қамтыды. Бұл тарапқа акушерка Попова А.А. қызмет етті.
         Аурухана ғимаратында амбулатория мен дәріхана орналасты. Ауруларды фельдшерлер В.С. Зайцев пен И.Л. Казак қабылдап, дәрігер В.А. Клементьев сырқат түрлері күрделі науқастарға кеңес берді. Фельдшерлер қабылдаған ауыр сырқаттар Ташкент темір жол ауруханасына жолданды. Аураханаға канализация мен су құбыры жүргізілді. 
Ақысыз медициналық қызмет тек қана темір жол қызметкерлеріне көрсетіліп, тегін дәрі-дәрмек берілді.
1925 жылдан бастап ауруханадағы төсек саны 25-ке жетті. Оның ішінде әйел босандыратын 3 орын болды. Бір жалпы практикалық дәрігер өзінің емгерлік қызметімен қатар, аурухана меңгерушілігін де қоса атқарды. 
Ауруханада 8 орта буын медицина қызметкерлері болды, сырқат қабылдау бөлімінде 3 адам жұмыс істеді. Олар: акушерка, науқастарды қабылдайтын және торап байында медициналық қызмет көрсететін екі фельдшер еді. Сол кезде қабылдау бөлімі мен дәріхананы қоса есептегенде аурухана штаты 26 адамға жетті.
1927 жылы емхана салынды. Емхананың санынуы аурухананың төсек саны 50-ге дейін көбейтуге мүмкіндік берді. Дәрігерлер штаты 10 бірлікке өсті. Емхана екі аусымда жұмыс жасай бастады. Емханада бір дәрігер және лобаранты бар клиникалық лаборатория ашылды. Амбулаторияның атауы мамандандырылған емханаға өзгертілді. Осындан бастап тіс, көз, тері аурулары, хирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық, терапевтік және балалар кабинеттері жұмыс жасай бастады.
1942 жылы торап денсаулық сақтау ісі біршама жақсарды. Қызылордаға көптеген білікті дәрігерлер қоныс аударды. Стационардағы төсек саны 65-ке жетті. 
Емханада медицина институтының штатымен бактериологиялық және клиникалық лабораториялар ашылды. Сондай-ақ аймақтық принцип бойынша аймаққа қызмет ететін екі терапевт-дәрігер және сырқаттарды үйде қарайтын дәрігер болды.
Аурухана мен емханадағы дәрігерлер саны 26 жетті. 1944-46 жылдары Қызылордаға шеттен келген дәрігерлердің өз елдеріне қайтуына байланысты аурухана басшылыған Сергей Иванович Шевченко өз қолына алды. 
Алайда медициналық қызмет көрсетиу ісі кеткен дәрігерлердің орнын толтырар маман болмағандықтан нашарлай бастады.
1947 жылы іс қайтадан оңалды. Сол жылы әскерден қайтқан және медициналық институтты бітірген бір топ дәрігерлер келді. Бұл кезеңде алдымен емханада, кейін ауруханада кабинеттер ашылды.
1952 жылы аурухана мен емхана бірікті. Емханадағы медициналық қызмет екі өндірістік учаскелік принцип бойынша жүргізілді. Осы жылы алғашқы туберкулездік кабинет ашылды. Вокзалдың медициналық бекетінде тәулік бойына кезекшілік атқаратын 5 фельдшер жұмыс істеді. Темір жол депосының денсаулық сақтау бекетінде бір дәрігер және күндіз-түні кезекшілігі бар орта буын медицина қызметкерлері болды.
1960 жылы перзентхана мен балалар бөлімшесі салынды. Осылай аурухананың төсек саны ұлғая түсті. 1970 жылға дейін аруханадағы төсек саны 225-ке жетті. Оның ішінде 45 терапевтік, 60 педиатрлық, 50 хирургиялық, 15 гиникологиялық, 25 перзентханалық, 5 неврологиялық және 25 туберкулездік төсек орын болды.
Қан құю бекеті ұйымдастырылды. Жалағаш және Бәйгеқұм станцияларында 2 фельдшерлік бекеті ашылды. Ауруханадағы 60 дәрігерлік штаттық бірлік 30 адам атқарды.
1973 жылдың соңына таман инфекциялық бөлімшеніңқосымша құрлысы салынуына және хирургиялық бағыттағы төсек санының ұлғаюына байланысты ауруханадағы төсек саны 330-ға жетті. 60 төсектік хирургиялық бөлімше құрлысы бітіп пайдалануға берілді.
Аурухананың мамандарымен қамтамасыз етілуі 85 пайызға теңелді, жабдықталу сапасы жөнделді.
1980 жылы 6 төсектік реанимациялық бөлімше ашылып, аурухананың штаты 586,6 бірлікке көбейді. Сол кезде 75 дәрігер және 224 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасады.
1983 жылы бір аусымда 600 адамды қарай алатын жаңа емхана және гараж салынды.
1986 жылы 180 адамға арналған қызыл мүйіс бар шаруашылық және 1994 жылы емдеу корпустары жаңадан салынып, ел игілігіне жаратылды. Бүгінде жекешелендіруге байланысты ауруханада 132 медицинв қызметкері жұмыс істейді. 30 дәрігер  және 65 орта буын медицина қызметкері.
Қызылорда темір жол ауруханасында 1946, 1950-1953 жылдары аралыңында Илья Леонтьевич Казак, Сергей Иванивич Шевченко, 1941-1943 жылдары аралығында Ларина, 1943-1945 жылдары аралығында Нина Григорьевна Моргунова, 1945-1956 жылдары аралығында Александр Александрович Шамшиев, 1953-1954 жылдары аралығында Валерий Иванович Распопов,1954-1955 жылдары Китаер, 1955-1963 жылдары Мария Львовна Ионцева, 1963-1964 жылдары София Ильинична Гейман және 1964-1973 жылдар аралығында Николай Танцепович Ким және 2009-2016 жылдар аралығында Бұхарбаев Мәжит Мәстетбаевич бас дәрігерлік қызмет атқарды.
Ал аурухананы 1973 жылдан бастап ширек ғасырдан астам уақыт білікті дәрігер, үлкен ұйымдастырушылық қабілетке ие Әлайдар Абдуайтов басқарып келді. 
1996-2010 жылдар аралығында емдеу және емхана ісі жөнінде бас дәрігердің орынбасары болып Бұхарбаев Мәжит Мәстетбаевич қызмет атқарса, қазірге кезде «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» Құдайбергенова Сәуле Советқызы емдеу ісі жөніндегі директор орынбасары болса, Каримбаева Назтай Какпановна емхана ісі жөніндегі директор орынбасары болып қызмет атқаруда.
Сонымен қатар білікті хирург-дәрігер «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, Денсаулық Сақтау ісінің иегері, «Құрметті теміржолшы» белгісін алған Файзулла Нұғманов хирургия бөлімінің меңгеруші қызметін атқарып, лапороскопиялық хирургия тәсілімен оталар жасаған. 2008 жылдан бастап филиал директоры қызметіне тағайындалған уақытына дейін хирургия бөлімінің меңгеруші қызметін атқарған Кенжебаев Сұлтанбек Айбасұлы қазіргі уақыттада жоғарғы санаттағы уролог-дәрігер Асанканов Ағытай Сағынұлымен біріге отырып оталар жасауда.   
1992 жылдары гиникология бөлімінің меңгерушісі қызметін жоғарғы санаттағы гинеколог-дәрігер Куляш Бәкірқызы Өтепова, 2009-2016 жылдар аралығында «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталған дәрігер-гинеколог Төрешбаев Әбдір Төрешбайұлы басқарған.  Қазіргі уақытты гинегология бөлімінің меңгерушісі қызметін жоғарғы станаттағы дәрігер-гинеколог, медицина ғылымдарының кандидаты Хван Людмила Константиновна, атқарып келеді.
1986 жылдан бастап жүйке аурулар бөлімінің меңгеруші қызметін бірінші санаттағы невропатолог-дәрігер Жанаева Қаламқас Мақатайқызы атқарады. 
1967-1982 жылдары Угай Владимир Степанович, Мақсұтова Гүлістан Әбубәкірқызы, Шермағанбетова Көркем Зинабидинқызы және Пятикова Людмила Владимировна терапия бөлімінің меңгеруші қызметерін атқарса, қазіргі уақытта Абитова Лаззат Сейтхожақызы басқаруда.
1973-1997 жылдар аралығында Ким Клара Трофимовна, Ержанова Гүлсім Естайқызы, Суюнова Гульнар Умарғалиқызы, Хасанова Нилуфар Шайдулаевна балалар емханасының меңгеруші қызметін атқарса,  қазіргі уақытта Абдукаримова Айгерим Жаксылыковна педиатр-дәрігер басшылық жасайды.
1970-1977 жылдар аралығында Гречкин Александр Васильевич,1977-1989 жылдары Омаров Ераш Темірұлы, 1989-2000 жылдар аралығында Сейтжанов Музарап Сәруарұлы және Байденко Иван Иванович, 2009-2012 жылдары Карибаева Назтай Какпановна меңгерушілік қызметін жасаса, 2012 жылдан бастап аймақтық терапия бөлімінің меңгеруші қызметін Арғынбаева Шолпан Сұлтанқызы атқарады.
1965-1977 жылдары хирургия бөлімінің меңгеруші қызметін Угай Владимир Степанович атқарған.
1943-1989 жылдар арсында инфекциялық және физиотерапевтік бөлімшелерге меңгеруші болып Моргунова Нина Григорьевна атқырды.
Сонымен қатар ауруханада медицина ғылымының кандидаты білікті хирург-дәрігер Темірбек Мұсабеков, 1968-1986 жылдары рентгенолог Геллер Борис Вольфович,1947-1991 жылдары Кудрякова Елена Петровна, 1936-1965 жылдары Шевченко Сергей Степанович және Пучугина Александра Ивановна ұзақ жылдар бойы аурухана құрамында жетекшілік етті. Есмамбетова Бағымша Ералықызы, Тоғаев Мухиддин және Өтепов Тілеулес өз салалары бойынша жетістікке жеткен жандар. Сонымен қатар қазіргі таңда емхана бөлімінде нәзік жанды аналарға сәби болу қуанышын сыйлап жүрген жоғары білікті гинеколог-дәрігерлеріміз Тлеулеева Роза Кожабаевна және Жылкибаева Гулжамал Тулегеновна ұзақ жылдар қызмет атқаруда.
Жанына дауа, еміне шипа іздеген адамдарға өз дәрігерлік тараптарынан көмектерін аямайтын бірінші санаттағы терапевт-дәрігерлеріміз Баймуратова Гульзия Ахметкалиевна және Пятикова Людмила Владимировна қызмет көрсетуден еш талмайды.
Ультра дыбыстық зерттеу маманы болып ұзақ жылдар бойы бірінші санаттағы дәрігер Абдуаитова Динара Алайдаровна жұмыс жасайды.
 Дәрігерлермен қатар Матейко Антонина Ивановна, Патфуллина Мария Абдуллаевна, Великих Нина Федровна және Кәрімбаева Зейнегүл емделушілердің ыстық ықыласына бөлене білді. Аурухана фельдшерлері Мамонтов Дмитрий Николаевич, «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені иегері Повова София Ильиничина, соғыс ардагерлері Колесник Любовь Сергеевна және Казарова Раиса Ивановна қызмет атқарды.
   2000 жылы С.А. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік медицина университетінің түлегі жоғарғы санаттағы денсаулық сақтау менеджметінің маманы және хирург дәрігері  Кенжебаев Сұлтанбек Айбасұлы хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, өзінің білікті басшылығымын қазіргі уақытта «Қызылорда теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор және дәрігер-хирург қызметін қатар атқарады.
Темір жол 1940 жылға дейін «Орынбор», 1940-1958 жылдар аралығында «Ташкент, ал 1958 жылдан бастап «Қазақ темір жол», 2010 жылдан бастап «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының филиалы – «Қызылорда темір жол ауруханасы», 2017 жылдан бастап «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы – «Қызылорда темір жол ауруханасы», 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Қызылорда теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп аталады. Міне бір ғасырдан астам тарихы бар Қызылорда темір жол аурханасының өткен белестері осындай. Қазіргі уақытта филиалда офтомолог, отоларинголог, стоматолог столдары, УЗИ, ренттгент арапатымын жаңартылып жақсы жұмыс жасауда. Сонымен қатар білікті дәрігерлермен Лапраскопиялық (Эхинококэктомия, Холецистоэтомия, Грыжепластика, Геморрроидэктомия, Струмэктомия, Эхинококэктомия почки и печени, Лапараскопическая вазорезекция, Липома, Кррипторхизм,  Киста почек (лапараскопическая), Паранефрит, Киста семенного канатика, Водянка, ДГПЖ ТУР, Троакарная эпицистостомия, Полип уретры, Аппендэктомия, Парапроктит,   Ущемленная паховая грыжа, Пилонидальная киста, Флегмона, Фимоз, Орхоэпидидимотомия, Уретеролитоэкстракция, Перекрут яичника) оталар жасалуда. 

Бас дәрігердің блогы

Мемлекеттік сатып алу